ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 3 қыз анықталды

Атырауда “Учаске” іс-шарасы барысында жалдамалы пәтерлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқан үш азаматша анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қыркүйек айының 1-нен бастап Республика көлемінде өтіп жатқан “Учаске” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері бекітілген әкімшілік аумақтарында пәтерлерді аралап, тұрғындармен сұхбаттасу барасында жалдамалы пәтерде жезөкшелікпен айналысатын азаматшалар тұрып жатқандығын анықтады.

Атап айтқанда, 2021 жылғы 8 қазан күні сағат 23:45 шамасында Махамбет көшесіндегі көп қабатты пәтерлерлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын Түркістан облысының 35 және 38 жастағы үш тұрғыны интимдік қызмет көрсетіп жатқан жерінен анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен (Түнгі тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Ал, үй-жайды жалға берушіге жоғарыда аталған құқық бұзушылықты болдырмау жөнінде профилактикалық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button