ҚоғамҚылмысСемейТОП

Суық қару сатқан семейлік студент ұсталды

Семейде суық қару, «кастет» сатқан студент ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспсөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айының басында Әуезов АПБ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында тәртіп сақшыларының назарына платформалардың бірінің «Спорттық коллекциялау» бөлімінде орналастырылған хабарлама күдік тудырған. Ол жерде белгісіз тұлға «кастет» суық қаруын сатқан. Аталған ақпаратты тексеру үшін криминалдық полициямен жедел топ құрылды. Белгісіз тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкері сатып алушы ретінде жіберілді.

«Заңсыз суық қаруды сатпақ болған күдікті ұсталды. Ол 18 жасар студент, Семей қаласында тұрады. Ұсталғаннан кейін кінәсін толықтай мойындады», – деді  ведомствода.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігі (Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұмыскерлерiнiң сатуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы бап бойынша екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалау көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button