ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Өскеменде қазақ хандарына арналған монумент салынады

Өскемен қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауқымды монумент бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Бүгін Өскемендегі ескерткіштер құрылысының барысын бақыладым. Оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды монумент бар. Бұл – біртұтас мемориалдық кешен, Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей және қазақтың ұлы үш биі бейнеленген бірыңғай композиция. Сондай-ақ мұнда ел тарихының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің дәйексөздері бар барельефтер болады», – дейді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, монумент облыстағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы бірегей сәулет құрылысына айналады. Оның биіктігі – 12,6 метрді құрамақ.

«16 желтоқсанға дейін ескерткіш салынып бітеді. Кешеннің жалғасы еліміздің бірінші Қорғаныс министрі, ардагер, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы аллея болмақ. Мен қазақтың осындай нар тұлғалы азаматымен жеке таныс болдым және оны қарапайым, өз ісінің нағыз шебері ретінде білемін», – деді Даниал Ахметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button