ҚоғамСемейТОП

Семейде «Үздік көше» акциясы басталды

Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов «Көшелерді қамқорлыққа алу» жобасы бойынша қаладағы бюджеттік мекемелердің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жобаның мақсаты – Семей көшелерін аббаттандыру, тазалығын қамтамасыз ету және мекеме басшыларын маңайлас орналасқан аумақты таза ұстауды қамтамасыз етуге шақыру.

  • Бұл жаңа бастама емес. Осындай шаралар бұрындары да жүргізілген, біз сол жұмысты жандандырғымыз келеді. Мен қаладағы мекеме басшыларына хат жолдадым, олар акцияны қолдады және қатысуға ниет білдірді. Сол үшін мен оларға алғысымды білдіремін. Жобаның басты бағыты – көшені таза ұстау. Қамқорлыққа алған мекеменің жұмысына көше тазалығының сақталуын қадағалап қана қоймай, сонымен бірге оны тазалауға қатысу, сенбіліктер өткізу кіреді. Сонда, жалпықалалық сенбіліктерді өткізудің қажеті жоқ, бекітілген көшелерді тазалау үшін күнді өздері белгілейді, – деді әкім.

Сонымен қатар жоба шеңберінде «Семей қаласының үздік көшесі» акциясы басталды. Жыл бойы арнайы құрылған комиссия маусымдық тексерулер жүргізеді. Нәтижелері жыл сайын қала күнін мерекелеуде хабарланатын болады.

  • Біз бүгін «Семей қаласының үздік көшесі» акциясын бастадық. Оның мақсаты – қаладағы коммуналды қызметтің және мердігер ұйымдардың жұмысын бақылау. Біз қаланың үздік көшесін анықтаймыз, арнайы комиссия құрдық. Олар қыстық, көктемдік, жаздық және күздік тексерулер жүргізеді. Нәтижелері жыл сайын қала күні қарсаңында қорытындыланады. Үздік танылған көше, балалар немесе спорт алаңдары сынды нысан құрылысына номинацияланады, – деп қосымшалады Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Сержан Әзбергенов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button