ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде вандалдар жер үсті өткелін жарықсыз қалдырды

Семейде Қайым Мұхамедханов көшесі бойында, № 6 гимназия маңында орналасқан жер үсті өткеліндегі жарық шамдары талқандалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлеуметтік желілерде Қ.Мұхамедханов көшесі бойындағы жер үсті өткелінің жарық шамдары талқандалғаны туралы фотосуреттер пайда болды. Semey24 инстаграм-аккаунтын пайдаланушылары жұлынған шамдарды көріп, өз наразылықтарын білдірді.

Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, 2021 жылғы 2 қазаннан 3 қазанға қараған түні № 6 гимназия маңындағы жер үсті өткелінің жарықтандыру жүйесі белгісіз адамдармен бұзылды.

«Бөліммен жер үсті өткеліндегі жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданады», – деп түсіндірді бөлімде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button