ҚоғамҚылмысСемейТОП

Рудный тұрғыны Семейдегі қонақүйде есірткімен ұсталды

Семей қаласындағы қонақ үйлердің бірінде Қостанай облысының тұрғыны есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері кезекті есірткі сатушынының жолын кесті. Қостанай облысының бір тұрғыны Семейге сату үшін ірі көлемде есірткі зат әкеледі деген ақпарат алған. Осы ақпаратты анықтау бағытында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қаладағы қонақ үйлердің бірінде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдік бойынша Қостанай облысы Рудный қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

  • Қонақ үй номеріне тінту жүргізу барысында ішінде изолентамен оралған үш рулон бар сөмке, төсек матрацтарының астынан ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимерлі пакет және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электронды таразы салынған қара түсті барсетка табылып тәркіленеді. Табылған заттарға тағайындалған сот-химиялық сараптама қортындысы бойынша, жалпы салмағы 155,205 грамм  “2-(пирролидин-1-ил) -1-фенилпентан-1-он (а-пирролидиналерофенон, Альфа-PVP)” психотроптық заттары болып табылды –”,-деп түсіндірді Семей қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button