ҚоғамСемейСпортТәуелсіздікке 30 жылТОП

«Дүйсенбілік футбол» атты футбол турнир басталды

Бүгін, 20 қыркүйекте Семейде базар жастарының арасында шағын футболдан «Дүйсенбілік футбол» атты облыстық турнир басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz

Базар жастары арасында футбол турнирі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты мен Жазушылар одағы Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілуде. Турнирге облысымыздағы 18 бен 35 жас аралығындағы базар жастары қатысуда. Турнир әр дүйсенбі күні өтіп, ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.

Мақсаты -жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында футболды танымал ету және бұқаралық спортты дамыту.

Турнирде 12 команда екі топта күш сынасады.

Туринир нәтижесі бойынша “Үздік шабуылшы” және “Үздік қақпашы” номинанттары анықталып, жеңімпаз командалар кубокпен, мақтау қағаздарымен және медальдармен, сонымен қатар келесі көлемде қаржылай сыйлықпен марапатталады:

І-орын – 300 000 тнг;

ІІ-орын – 200 000 тнг;

ІІІ-орын – 100 000 тнг.

Semeynews.kz

 

Фото: Анатолий Тернов

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button