Қала тарихыҚоғамСемейТОП

Семейлік өлкетанушылар қала әкіміне ашық хат жолдады

Семейде "Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшелері қала әкімі Бақытжан Байахметовқа ашық хат жолдады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өлкетанушылар ашық хатында қала әкіміне, бірнеше жыл көлемінде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде қала күні аталып өтетінін жеткізген. Сонымен қатар, Семей қаласының жасына байланысты сұрақ әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ.

“Құрметті Бақытжан Кәкенқажыұлы, “Прииртышье” өлкетану қоғамы Сізден, мәселені түпкілікті шешу үшін, біздің қаламыздың жас мәселесін көтеруді сұрайды”, – делінген хатта.

Өлкетанушылар 2018 жылы Семейге 300 жыл толғанын еске салды. Бірақта мерейтойы аталып өтілмеді. Кейбіреулердің айтуынша, қаланың мыңжылдық тарихы бар. Алайда, бұған ешқандай дәлел ұсынылған жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button