ҚоғамСемейТОП

Қала шеттерінде интернет желісінің әлсіздігіне шағымдануда – Семей әкімі

Семей әкімі Бақытжан Байахметов "Транстелеком" АҚ Семей аймағы бойынша аймақтық өкілімен кездесті, деп хабарлайды Semey News.

Қала басшысы аталған компания телекоммуникация, сандық қызметтер көрсету бойынша ҚР жетекші операторлардың бірі екенін атап өтті.

“Қала маңындағы, саяжай массивтеріндегі және ауылдық округтердегі тұрғындармен кездесу барысында көп көтерілген сұрақтардың бірі – интернет әлсіздігі.  Осыған байланысты мен аталған компания өкілдеріне қала тұрғындарына қолжетімді жәнге сапалы интернет байланысы бойынша презентацияларын ұсынуды сұрадым. Жобалары тиімді болған жағдайда,жоғарғы технологиялық және сапалы интернерт байланысын алу үшін біз жан-жақты қолғабыс көрсетеміз”,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қала әкімі пандемия кезеңінде және қашықтықтан оқыту жүйесін енгізген кезде интернет байланысының болмауы ерекше сезілгенін атап өтті.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button