ҚоғамСемейТОП

Семейде Бейбітшілік аралын аббаттандыру жобасы қарастырылуда

Семей әкімі Бақытжан Байахметов бейбітшілік аралында болып, "Өлімнен де күшті" ескерткішін ретке келтіруге тапсырма берді, деп хабарлайды Semey News.

Қала басшысы бұл аралды қала тұрғындарының сүйікті және жиі баратын орындарының бірі деп атады.

“Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша аралды аббаттандыру, инфроқұрылымын жақсарту және қала тұрғындарының демалысы мен спортпен шұғылдануларына қолайлы жағдайлар жасау үшін жоба әзірленуде”, – деді қала әкімі.

Б.Байахметов “Өлімненде күшті” және “Бейбітшілік стелласы” ескерткіштерінің қазіргі кейпін хабарлады.

“Ескерткіш өзіне ерекше назарды қажет етеді, әсіресе оны күтіп ұстау және жақсарту тұрғысында. Осы негізде тиісті қызметтерге қысқа мерзімде “Өлімненде күшті” және “Бейбітшілік стелласы” ескерткіштерін ретке келтіру және олардың маңайын көгалдандыру тапсырылды”, – деп қорытындылады қала басшысы. 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button