– Бұл жерде жөндеу жұмыстары уақытында жүргізілген жоқ. Судың сапасы нашар, нәтижесінде барлық түтіктер бітеліп, тұрғындарға жылу аз мөлшерде берілген. Бүгінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Барлық қазандықтарды жөндеуге облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді. Оған қоса” Теплокоммунэнерго ” да өз есебінен бірқатар жұмыстар жүргізуде. Жалпы, облыстық және қалалық бюджеттерді есептейтін болсақ, қайта құруға екі миллиардтан астам теңге бөлінді, – деді әкім.
Жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Әзірге қала басшысының мәліметінше, жұмыстар қатаң кесте бойынша жүргізіліп, мерзімінде аяқталмақ. Қазандықтарды қайта құру өткен маусымдағы қателіктерді қайталамауға ғана емес, сонымен қатар жылу көздерінің қажеттілігін жабатын электр энергиясын өндіруге де мүмкіндік береді.

Semey News



