
Пресс-конференцияға Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов, № 2 сотының төрағасы Ж.Т.Әбенова, Семей қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Е.К.Шыныбаев, ШҚО № 2 жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.З.Байжуманова, Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.С.Секенов және ШҚО № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Н.К.Мұқашева қатысты.
Семей қалалық сот органдары жарты жыл ішінде атқарылған жұмыстары туралы есеп берді, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Semey News



