ӘлемСпортТОП

EURO-2020: Италия чемпион атанды

Италия құрамасы пенальти сериясында Англия құрамасын жеңіп, футболдан Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роберто Ман-чини шәкірттері Лондон төріндегі «Уэм-блиде» Англия құрамасын ұтты. Матч соңынан кейінгі пенальтиден.  Ағылшындардың аптығын басқан қақпашы Дона-румма тек осы кездесудің ғана емес, құрлық чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. Негізгі уақытта қарсыластар бірін бірі ала алмады. Рас, кездесудің екінші минутында Люк Шоу есеп ашқан. Ки-рана Три-ппьер пасын ұтымды пайдаланып. Италия екінші таймда таразы басын теңестірді. Гол соққан – қорғаушы Леонардо Бону-ччи. Қосымша уақытта қарсыластар бірін бірі ала алмады. Пенальтиды «Скуа-дра Ад-зурра» сауатты тепті. Осы орайда қақпашы Дона-румманың еңбегін де айта кету керек.

Джорджо Кье-лини де өте сауатты ойнады. Отыз алтыға келсе де қажыр-қайратын жоғалтқан жоқ. Леонардо Бону-ччи екеуі ұлттық құраманың қорғанысын алынбас беКініске айналдырды. Айтпақшы, бұған дейін Италия 1968 жылы Еуропа чемпионы атанған. Тағы да екі рет финалда өнер көрсетті. Алайда асуды бағындыра алмады. Енді, міне, 53 жылдан кейін тағы да кубок ұстанды. Осы ретте бас бапкер Роберто Ман-чинидің де көрегенділігін айта кету керек. Негізгі қорғаушыларының бірі Спи-наццола жарақат алып қалды. Онда да мұңайған жоқ. Жас талант Эн-рике Кье-заны ойната білді. Лоренцо Ин-синье мен Чиро ИммО-биленің тілін тапты. Англия құрамасының жаттықтырушысы Гаррет Саут-гейт те тарихта қалады. Себебі ағылшындар өз тарихында тұңғыш рет финалға дейін жетті.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button