СемейСпортТОП

«Шығыс» өңірлік қолбасышылығында әскери үш сайыс біріншілігі өтті

Чемпионатқа өңірлік қолбасшылықтың 13 командасы қатысты, деп хабарлайды Semey News.

Жарысқа қатысушылар автомат ату, граната лақтыру, белтемірге тартылу, кедергілерден өту және түрлі қашықтықтарға жүгіру бойынша сайысқа түсті.

  • Чемпионат жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылардың мықты дайындалғандары көрініп тұр, әрине, олардың бәрі осында жеңіс үшін келді ғой, – деп сержант Сергей Толканов алған әсерімен бөлісті.

Чемпионат нәтижесі бойынша, бірінші орынды – Семей механикаландырылған бригадасының командасы жеңіп алса, екінші орынды –  Аягөз артиллериялық бригадасының командасы алды, үшінші орынды – Семей ракеталық бригадасының командасы қанжығалады.

Жеңімпаз командалар Алматы қаласында өтетін ҚР ҚК чемпионатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының атынан өнер көрсетеді.

Жарыс нәтижесі бойынша сегіз әскери қызметші спорт шеберіне норматив орындады, жиырма қатысушы бірінші, жиырма үш әскери қызметші – екінші, он бір әскери қызметші – үшінші спорттық разряд алды.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button