ҚоғамСемейТОП

Төрт аяқтылар панасының жаңа құрылысы

Семейде еріктілер қараусыз қалған жануарларға арналған баспана құрылысына көмек сұрауда, деп хабарлайды Semey News.

Семей бірнеше жыл бойы алғашқы және жалғыз жануарларға арналған «4 Лапы+» баспанасы жұмыс істейді. Оны 2016 жылы қамқор еріктілер өз қаражаты есебінен Шығыс кентінде тұрғызды. Орналасу орны әдейі таңдалып алынды,  төрт аяқтылардың шуы көрші үйлерге естілмеуі керек болды. Алайда, уақыт өте келе, төрт аяқтылар паналайтын жерге көршілес болып адамдар қоныстана бастады. Енді олар иттердің үргеніне шағымдануда. Осыған байланысты еріктілер мен көрші үй иелерінің арасында бірнеш рет келіспеушіліктер орын алды. Осымен төрт аяқтылар паналайтын жердің проблемасы біткен жоқ. Күтімді қажет ететін жануарлар саны күнделікті артуда, ал орын жеткіліксіз. Он соток учаскеде жүзден астам ит бар. Ал жаңадан түскендерге орын мүлдем жеткіліксіз.

2019 жылдың жазында Семей қалалық әкімдігі еріктілерге жанында құрылысы жоқ, ең бастысы көршілері жоқ сәйкес жер учаскесін сатып алуға рұқсат берген. Санитарлық ережелерге сәйкес ондай орындарда тұрғын үй салуға рұқсат етілмейді, енді Шарик пен Бобиктің үргеніне ешкім шағым түсірмейтініне еріктілер қуанды.

Еріктілер бастапқыда учаскені 5 жылға жалға алып, артынан бөліп-бөліп сатып алуға шешім қабылдады. Жалға алуға және эскизі мен құжаттарына миллионға жуық қаражат жұмсалды. Бұл еріктілермен  және қаламыздың қамқор тұрғындарымен екі жылда жиналған қаражаты. Қазір кезекте ең бастысы, ең күрделісі – баспана құрылысы тұр.

  • Қазір біз аяқтау алдындамыз. Бұл соңғы кезең болғанымен, ең күрделі және ең қымбат кезең. Электр қуатына қосу қымбатқа соғуда, оның құны – 3 млн теңге, иә бізге осылай есептеп берді. Бұл сомма біз үшін өте қымбат, біздің кішкентай ғана қорымыз осындай қаражатты қайдан табады. Қазір қосылудың өзге жолдарын іздестірудеміз, әзірше еш нәтиже бермеді. Алда әлі ҮЛКЕН ҚҰРЫЛЫС бар. Қаражатты, жабдықтарды, жұмыс күшін қайдан аламыз. Алайда біздің қаламызда қараусыз қалған жануарларға арналған баспана болғанын қалаймыз. ЖАҢА БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ басынан бастап бізге болысып жүрген ер азаматтарға жеке алғыс білдіргіміз келеді, – деп еріктілер әлеуметтік желіде жазған.

 

Қажетті сомманың жартысын болсын жинау үшін, еріктілер төрт аяқтыларға арналған баспана құрылысына қаражат жинау жариялайды. Еріктілер қолдау көрсетуді сұрайды. Көмек қаражаттарын банк карточкаларына «Стройка» белгісімен аударуға болады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button