
Сайлау заңнамасы саласындағы сарапшы – заң ғылымдарының докторы, «Қазақстандық Халықаралық құқықтық ынтымақтастық» қоғамдық қорының директоры Рахимбердин Қуат Қажымұқанұлының пікірі бойынша, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы туралы сұрақ ұзақ жылдардың көлемінде көптеген ғалымдармен, мамандармен және саясаткерлермен көтерілген болатын.
Қазақстан Республикасы Президентімен 2021 жылғы 24 мамырда аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын қарастыратын сайлау заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес аумақтық сайлау комиссияларымен 2021 жылғы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының 16 өңірінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің 77 әкімін сайлау тағайындалған.
Рахимбердин Қуат Қажымұқанұлы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау:
– азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толықтай пайдаланудағы белсенділіктерін арттыруға;
– тұрғындардың билікке деген сенімін және тұрғындар алдында әкімнің есептілігін арттыруға;
– тұрғындардың қажеттіліктері мен проблемаларына ауыл әкімінің шұғыл әрекет етуін арттыруға;
– «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын толықтай іске асыруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Semey News