ӘлемМәдениетТОП

Қазақстандық туынды Лондонда «Үздік анимациялық фильм» атанды

Ұлыбритания астанасы Лондонда осымен үшінші рет өткізілген ECG кинофестивалінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуразия елдерінің кино сайысында Ұлыбритания, Ресей, Беларусь, Қырым Республикасы, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Франция, Португалия, Қытай және Түркия мемлекетінен жалпы жиыны 46 фильм көрсетілді.

Лондонның қақ ортасындағы Premier Cinema кинотеатрында өткен марапттау рәсімінде Мақсұт Сәрсембаев пен Мансұр Сәрсембаевтың «Hacked Future» («Бүлінген болашақ») атты қазақстандық фильмі «Үздік сценарий» аталымын жеңіп алды.

Ал Ділшат Рахматулиннің «Серый гусь «Despair» туындысы «Үздік анимациялық филмь» атанды.

Тағы бір қазақстандық кинотуынды «Baluan Sholak» құрмет дипломымен марапатталды. Осы байқаумен қабаттасып өткен Open Eurasian Literature Festival & Book Forum (OEBF) әдебиет фестивалінде Open Eurasia-2019 сегізінші халықаралық жеңімпаз кітаптары таныстырылды.

Жалпы жиыны 21 туындының ішінде Қазақстаннан Дулат Исабектовтің «Brannande sol, isande vind, levande stapp» кітабы, Баянғали Әлімжановтың «A hundred years on the steppe» кітабы және Фархад Тамендаровтың «Hunting Dogs» кітабы бар.

Фестиваль аясында көрменің көркін Севарахон Жақсымұратова, Олжас Хамидолла, Арайлым Құрманқұлова, Верониĸа Жир және Әсем Құдайбергенова қазақстандық суретшілердің туындылары кіргізді.

Фестиваль қорытындысы бойынша Open Eurasia-2020 конкурсында «Аударма» номинациясы бойынша «Шахризат» есімді автор үшінші орын алды.


Semey News

Осы айдарда

Back to top button