ДенсаулықҚоғамСемейТОП

Семейде Перинаталдық орталықтың жаңа ғимараты ашылды

Жаңа ғимарат Жамақаев көшесі, 100/А мекенжайы бойынша жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы хирургиялық ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды Semey News.

Жаңа ғимаратқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілген. Мердігер мекеме «Байсын-А» ЖШС. Жоба соммасы – 713 млн теңге. Бұл ғимарат ертеңнен бастап жүкті әйелдерді қабылдап  бастайды.

  • Бұл медициналық мекеме 85 төсекке арналған. Қала орталығында орналасқан, барлық қажетті қызметтерге қол жетімді, әрі орталықтандырылған жүйе болады. Қауіпті жүкті әйелдер бірінші ғимаратта қабылданады, ал осы ғимаратта патологиясы жоқ әйелдер қабылданады. Бұл жерде бұрын бізде болмаған орталық зарарсыздандыру бөлімшесі және баклаборатория ашылды. Облыстық бюджеттен қаржыландырудың арқасында ғимарат ең заманауи медициналық техникалармен жабдықталды. Ананың өзі үшін де, оның туыстары үшін де жайлы жағдайлар қарастырылған, – деді перинаталдық орталықтың бас дәрігері Архат Даирбеков.

Семей қаласының перинаталдық орталығы Семей тұрғындарын және жақын маңдағы аудандарға қызмет көрсетеді. Орталықтың жеке тұрған 3 ғимараты бар. Бірінші ғимарат  жоғары қауіпті жүкті әйелдердің босануына (мерзімінен бұрын босану, асқынған жүктілік, ауыр экстрагениталды аурулары бар адамдар және т.б.) арналған. Үшінші ғимаратты ағымдағы жылдың қыркүйегінде ашу жоспарлануда.

Seney News

Осы айдарда

Back to top button