ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала көшелерін аралады

Семей әкімі Бақытжан Байахметов жөндеуге, оның ішінде жарықтандыруды модернизациялауға кіретін көшелерді аралады, деп хабарлайды Semey News.

“Ескі бағаналарды сақтай отырып, жарық мүлдем жоқ көшелерде жаңа бағаналар орнату арқылы қала көшелерін жарықтандыру мәселесін шешетіндігімізді айтқанбыз. Негізінен, бұл көшелер ЕҚДБ жобасын әзірлеу кезінде ескерілмеген”, – деп атап өтті Б.Байахметов.
Жалпы, мониторинг барысында 30-дан астам көше, оның ішінде қиыршық тас төсеу арқылы тегістеуге жататын қаланың орталық бөлігі мен шеткі аймақтағы көшелер қамтылды. Жөндеу жұмыстары жүретін көшелерде жарықтандыру  мәселесін шешу де қарастырылуда.
“Сондықтан жауапты бөлімдерге қысқа мерзімде тиісті ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Жарықтандыру және жөндеу жұмыстары ең алдымен жолаушылар көлігі жүретін көшелерде жүргізілетін болады”, – деп қорытындылады Б.Байахметов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button