ҚоғамСемейТОП

Семейде жоғары кернегіштегі кабельдерді өндіру желісі ашылды

35 кВ-қа дейінгі жоғары кернегіштегі кабельдердің инновациялық өндірісі, аталған жобаны іске асыруға грант бөлген "Qazinnovations" Инновациаларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қолдауымен іске қосылды, деп хабарлайды Semey News.

Қазірдің өзінде зауытта кабельдің бірнеше түрі шығарылады. Еліміздің қолданыстағы электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты зауыттың өнімдеріне сұранымдар көп.

  • Бұл жоба біздің еліміз үшін маңызды. Бес жыл бұрын мұның бәрі жәй ғана идея болған. Біз елімізде кабель өндіруді бастағымыз келді және Еуропалық даму банкіне жүгіндік. Бізге ол жерде жабдық таңдауға және теориялық база жасауға көмектесуге куратор берді. Бұдан кейін, жабдықтардың қымбат болуына байланысты қаржыландыру мәселесі туындады. Бұл жерде бізге көмекке “Qazinnovations” агенттігі келді, жабдықтың 50% агенттік төледі. Бұл өтеусіз грант болды. Бүгінгі таңда біз орташа кернегіштегі кабельдерді шығарамыз және оларды біз мұнай және құрылыс компанияларына сатамыз. Былтырғы жылы біз құны миллиард теңгеден асатын орташа кернегіштегі кабельдерді өндірдік. Елімізде жаңа үлгідегі кабельдерге қайта құру жүргізілуіне байланысты жақын арада біздің өнімдерге деген сұраныстар арта түседі. Бұл импортты алмастырудың ең таза әдісі. Бұған дейін орташа кернегіштегі кабельдер жүз пайыз шетелден әкелінетін. Кабель – энергетикалық инфрақұрылымды құрудың негізі, – деді “Казэлектромаш” ЖШС директоры Виталий Распопин.

Жоба құны 420 млн теңге. Зауыт заманауи қондырғылармен жабдықталған. Соның арқасында ол еліміздің жетекші кәсіпорындарымен бәсекелестікке қабілетті.

  • Біз аталған жобаға грант бөлдік. Біздің талаптарымыз бойынша зауытта елімізде бұрын болмаған жаңа технологиялардың және жоғарғы технологиялық қондырғылардың болуы міндет болды. Жоба құрылысының уақыты да маңызды болды. Грант арқасында кәсіпорын аймақтық және республикалық нарықта бәсекеге түсуге қабілетті қондырғыларды сатып алды. Бұл кабель барлық аймақтарды қамтамасыз етеді, енді электр қуаты қазақстандық өнім арқылы тасымалданады. Бұл расында толық импортты алмастыру, – деп қорытындылады «QazInnovations» АҚ басқармасының төрағасы Ілияс Оспанов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button