
Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімдер тобы шомылуға тыйым салынған жерде демалып, шомылған. Олардың бірі сүңгіп кетіп, суға бата бастады. Жақын маңдағы демалушылар жасөспірімді жағаға шығарды, келген жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері реанимациялық жұмыстар жүргізді, бірақ нәтиже болмады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Семей қаласының аумағында жағажай жоқ екенін еске салады, осыған байланысты барлық шомылу орындары жабдықталмаған және шомылу үшін қауіпті болып табылады!
Семей қаласының құтқарушылары Ертіс өзенінің бойындағы 10 жерде шомылуға тыйым салатын белгілер орнатты, атап айтқанда: Водное кенті, Шығыс кенті, Полковничий аралы, “Шіркеу” ауданы, Затон ауданы (дамба және пирс), желкен ауданы). Қазіргі уақытта қаланың сол жағалау бөлігінде тағы да осындай 20 белгіні орнату жоспарланған.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБК-нің 364-бабы “ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу” және ҚР ӘҚБК-нің 440-бабы “алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу” негізінде бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
Semey News