ҚоғамСемейТОП

Ұлы Отан соғысы ардегері Әбдіғали Қаймолдин жүзге толды

Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдинді ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Semey News.

«Шығыс» ӨҚ штаб бастығы генерал-майор Қуаныш Уштаев, қолбасшы орынбасары полковник Арынғали Акишев және ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау басқармасының бастығы полковник Нұрбек Батуллин ардагерді ғасырлық мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар ардагерге облыстың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері салтанатты шерумен өтті.

Әбдіғали Қаймолдин, 1921 жылы 30 маусымда ШҚО (бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы), Ұзынбұлақ ауылында шаруалар жанұясында дүниеге келген. 1941 жылы мектепті бітірген Әбдіғали Қаймолдин генерал –майор  Кирзимовтың басшылығымен құрылған  105 дивизиямен  майданға  кетеді. Ол 1942 жылы қыркүйек айында Сталинград түбіндегі шайқаста ауыр  жараланып, үш ай госпитальде жатады. Әбдіғали Қаймолдин соғыс жылдары төрт рет жараланған. Сондай-ақ Балтика түбіндегі, Үшінші Белорусь, Бірінші Украина, Сталинград және Харьков үшін болған шайқастарға қатысқан.

Ұлы Отан соғысына қатысып «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және «Кенигсбургті алғаны үшін медальдарымен марапатталған.

Semey News

“Semey News” ақпараттық агенттігі ардагерді ғасырлық мерейтойымен құттықтайды. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді.

Осы айдарда

Back to top button