
Заңсыз қоқыс үйінділері мен оларды шығарумен байланысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланып, қоқыс шығаруға тұрғындармен шарт жасасу науқанына ерекше назар аудару тапсырылды.
Әдетте байқағанымыздай, коммуналдық қызметтер өз жұмысын көлік пен жаяу жүргіншілер қатары артқан сәтте атқаратындықтан, жол қозғалысына кедергі келтіретіндігі желіде жиі айтылып жатады. Осыған орай, кәсіпорын басшылығына жұмысты қозғалыс мейлінше азайған сәтте, таңертең және түнгі уақытта жүргізу ұсынылды.
“Аулаішілік аумақтар мен қаланың шет аймақтарын абаттандыру мәселелерінде де кейбір бөлімдердің енжарлығын атап, бұл бағыттағы жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауға назар аударттым”, – деп жазды Б.Байахметов.
Отырыс нәтижесінде барлық сұрақтар бойынша кемшіліктердің орнын толтырып, тиісті мерзімінде орындау тапсырылды.
Semey News



