ҚоғамСемейТОП

Семейдің жаңа әкімі Instagram парақшасында аккаунт ашты

Семей қаласының әкімі Бахытжан Байахметов Instagram парақшасында аккаунт ашты, деп хабарлайды Semey News.

Естеріңізге сала кетсек, Бахытжан Байахметов қала әкімі лауазымына 28 маусымда тағайындалды. Сол күні кешкісін Instagram парақшасында аккаунты пайда болды және 30-дан астам қолданушылар тіркелген.

“Әлемге Ұлы ойшыл – Абай Құнанбайұлын, философ – Шәкәрімді және жазушы – Мұхтар Әуезовты сыйлаған жерде қызмет ету мен үшін үлкен абырой, міндет! Сондықтан, менің білімім, алған тәжірибем, бірінші кезекте қаланы дамытуға бағытталады. Сіздердің қолдауларыңыз, кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыздың арқасында біз барлық өзекті мәселелер үшін оңтайлы шешімдер табамыз деп үміттенемін”, – деп жазған әкім.

Бұрынғы қала әкімі болған Нұрымбет Сақтағановтың Іnstagram парақшасында 13 мыңға жуық жазылушылар тіркелген. Экс-әкім Ермак Сәлімовте бұдан көп болды. Бірақта бұрынғы қала басшысының парақшасы қазір қол жетімді емес.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button