Кандидат Индира Дюсембаева сайлауалды бағдарламасын таныстыруда

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Дюсембаева тұрғындар арасында сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Кездесулер барысында кандидат өзінің алдағы жоспарлары мен негізгі басымдықтарын таныстырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көзқарастарымен бөлісуде.
Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерді талқылауға ерекше көңіл бөлуде. Ашық форматта өткен кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беруге мүмкіндік беріп отыр.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, ауданның дамуына үлес қосу.
*№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Дюсембаева сайлау қорынан төленді



