
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айында Семей қалалық ПБ Бесқарағай ауданының тұрғыны жүгінген. Оның мәлімдеуі бойынша, бейтаныс жігіт оған несие рәсімдеп беремін деп 399 мың теңге иеленген. Аталған факт банк бөлімшесінің бірінде болған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы Семей қаласының тұрғыны анықталды, кәнісін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semey News