
– «Апрель» сауда үйінің аумағында тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакциналау жүргізілуде. Сіздің ерікті келісіміңізбен таңдау бойынша QazVac, Спутник V, Hayat-Vax, Corona-Vac вакциналары ұсынылған. Бүгін Бесқарағай аудандық ауруханасының жылжымалы егу пунктісі іске қосылды. Олармен бірігіп біздің емхананың дәрігері мен екі медбикеден құралған топ қызмет атқаруда. Бірі екпе алушыларды базаға енгізсе, ал бірі вакцинациялады. Барлығы тәжірибесі бар жоғары санаттағы мамандар. Қала тұрғындарына айтарым, екпе алыңыз. Сонда ғана инфекцияның таралуын тоқтамамыз,-деді Семей қ. № 6 емханасының аға медбикесі Ажар Нағашыбаева.
Айта кетейік, екпе алу таңертеңгі 9-дан кешкі 17-ге дейін жүргізіледі.
Semey News