Ақсуат ауданының Құмкөл ауылында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданының Құмкөл ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты.
Медициналық нысанның құрылысы биылғы тамыз айында басталған. Жоба бойынша құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бір қабатты ғимараттың жалпы аумағы 369,2 шаршы метрді құрайды. Амбулатория күніне 30 адам қабылдауға қауқарлы. Мұнда 8 адам жұмыс істейтін болады.
Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасы қаланып, төбесі бетон плиталарымен жабылған. Ішкі қабырғаларды сылау жұмысы жүргізіліп жатыр. Құрылысқа 20 адам жұмылдырылған.
Аймақ басшысы ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда мұндай нысандардың маңызы зор екенін атап өтіп, құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Ауыл тұрғындары медициналық көмек алу үшін алысқа қатынамауы керек. Сондықтан Құмкөлдегі жаңа амбулаторияның құрылысы ауыл халқы үшін маңызды. Өте қажет нысан. Тұрғындар күтіп отыр. Құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Айналасын жақсылап абаттандыру керек. Ең бастысы, жаңа амбулатория тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуі қажет, – деді Берік Уәли.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



