Ертең Бородулиха ауданының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2026 жылғы 18 қыркүйекте Абай облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен «Сақшы-Антитеррор-2026» антитеррористік оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты – терроризм сипатындағы түрлі қатерлердің жолын кесу кезінде құқық қорғау және арнайы органдар күштері мен құралдарының әзірлік деңгейін тексеру.
Оқу-жаттығу өткізілетін объектілердің айналасында уақытша шектеу шаралары көзделген.
Азаматтардан сабырлық сақтауды, ақпаратқа тек ресми дереккөздер арқылы сенуді, халық арасында жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-қимылдарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Абай облысының терроризмге қарсы
жедел штабы



