Абай облысыТОПЭкология

Бородулиха ауданында жастар «Жасыл ел» жобасы аясында еңбек етуде

Бородулиха ауданында жастар еңбек жасақтарының жұмысын таныстыруға бағытталған «Жасыл елдегі бір күн» акциясы жалғасуда.

Биыл жазғы маусымда аудан бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 60 жас тартылды. Қазіргі уақытта олардың 32-сі еңбек етуде.

Жас сарбаздар елді мекендердің тазалығы мен көркейту жұмыстарына белсенді қатысып, қоғамдық аумақтарды тазалау, шөп шабу, көшелер мен саябақтарды ретке келтіру жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар экологиялық акцияларға да белсенді түрде үлес қосуда.

Акция барысында жастардың бір жұмыс күні толық көрсетілді. Таңғы нұсқаулықтан бастап, бекітілген аумақтағы жұмыстарды орындау барысына дейінгі еңбек процесі қамтылды.

«Жасыл ел» жобасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және туған жерді абаттандыруға үлес қосуына мүмкіндік береді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button