«Мен ешқандай ресми мәлімдеме берген жоқпын – «Арена» көпсалалы мәдени-спорт кешенінің сәулетшісі фильмі жөнінде
Семейде өткен брифинг барысында «Фирма Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова «Арена» көпсалалы мәдени-спорт кешенінің авторы Есім Мамановтың бейне сұхбатын көрсетті, деп хабарлайды Semey News.

Сәулетші ешқандай ресми мәлімдеме жасамағанын және айтылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
«Менің телефоныма Томила есімді журналист қоңырау шалды. Біз фильмге қатысы жоқ, өзге құрылыс жобалары туралы әңгімелестік. Әңгіме тек көпсалалы мәдени-спорт кешені жобасының авторлығы жөнінде өрбіді,- деп түсіндірді Е.Маманов.
Сәулетші бұл аудио жазбаның монтаж екенін және әңгіме толығымен бұрмаланғанын айтты.
«Журналист біздің әңгімеміздің жазылып, фильмде қолданылатынын хабарлаған жоқ. Мен бұл фактіні өрескел құқық бұзушылық деп санаймын. Менің есімім мен дауысым алаяқтық жолмен қолданылғанын мәлімдеймін. Кейін өзін Томила есімімен таныстырған беймәлім жанның Семейлік блогер
Офелия Гусейнова екенін білдім. Осы факті бойынша фильм жасаушылардың әрекеттері құқық қорғау органдары қылмыстық заңды сақтау тұрғысынан бағаланады деп есептеймін»,-деді сәулетші.
Semey News



