Абай облысыТОП

Зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренинг өтті

Бүгін Семей қаласының Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығында Абай облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті.

Жиынға педагогтер, білім саласының өкілдері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және қала мен аудандардан келген мемлекеттік қызметшілер қатысты. Шараның басты мақсаты – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, осы бағытта жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасу және қажетті ақпарат ұсыну.

– «Бүгінгі семинар-тренингтің негізгі мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыс істейтін мамандардың басын қосып, тәжірибе алмасу. Мұндай кездесулер барысында сала мамандары өзекті мәселелерді талқылап, тиімді жұмыс тәсілдерімен бөлісе алады»,- деді Абай облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Айтуар Қапасов.

Семинар барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, оңалту жұмыстары, әкімшілік-құқықтық шаралар, отбасылық құндылықтарды нығайту және агрессордың заң алдындағы жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Тренингке қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейтіп, сала мамандарының кәсіби тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button