Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан 560 бала жазғы демалысын өткізеді.
Лагерь жұмысы 7 ауысым бойынша ұйымдастырылған. Әр ауысымда 80 баладан қабылданады. Жазғы маусым 21 тамызға дейін жалғасады.
Балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету үшін лагерде 24 қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында тәрбиешілер, психологтар және техникалық қызметкерлер бар.
Биыл лагерь жұмысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген «Тарбағатай Арт Әлем» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бағдарлама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және интеллектуалдық ойындар арқылы балалардың жан-жақты дамуына бағытталған.
Жазғы маусым жеті ауысымнан тұрады. Әр ауысымда 80 бала тынығады. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету үшін лагерде 24 қызметкер жұмыс істейді. Биыл жұмысымыз министрлікпен келісілген “Тарбағатай Арт Әлем” бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама ұлттық құндылықтарды насихаттау, шығармашылықты дамыту және интеллектуалдық ойындарды қамтиды, – дейді «Тарбағатай» оқу-сауықтыру орталығының директоры Қоштайберұлы Қаптықалықұлы.
Табиғаты көркем өңірде орналасқан лагерьде балалар түрлі спорттық, шығармашылық және танымдық шараларға қатысып, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуде.



