Семей

Семейде 100 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы көшпелі жұмыс жиынын өткізіп, қаладағы жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Жиын барысында қала әкімі су құбырларын тарту жұмыстары аяқталып, қайта қалпына келтіріліп жатқан көшелерді, сондай-ақ қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді аралап көрді. Мердігер ұйымдардың жұмыс сапасы мен қарқынына ерекше назар аударып, жауапты сала басшыларына тұрғындар үшін қолайсыздықтарды барынша азайтып, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, биыл Семей қаласында 100 көшеге тас төсем төсеу жоспарланған. Қазіргі таңда 30-ға жуық көшеде грейдерлеу жұмыстары жүргізіліп, қиыршық тас төселуде. Сонымен қатар жер асты инженерлік желілері, атап айтқанда су құбырлары тартылған көшелерде жол жабынын қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

Қала әкімі көшелерді қалпына келтіру кезінде құрылыс талаптарының сақталуын, жолдың сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жауапты мекемелерге жұмыстардың әр кезеңін тұрақты бақылауда ұстауда тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button