Абай облысыТОП

Облыс әкімі саяси партиялардың өкілдерімен кездесті

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли өңірде тіркелген барлық саяси партиялардың жетекшілерімен және өкілдерімен кездесті.

Жуырда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданып, мемлекетіміздің саяси дамуындағы жаңа кезең басталды. Конституциялық реформалар аясында елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер жүзеге асырылуда.

Баршамыздың ортақ мақсатымыз – өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, халықтың сенімін нығайту және алдағы саяси науқанды ұйымшылдықпен әрі жоғары деңгейде өткізу. Осы мақсатқа жету жолында өздеріңізбен әрдайым ашық әрі нәтижелі ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз. Біз үшін қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың пікірін ескеру және барлық саяси үдерістердің заң аясында өтуін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сондықтан алдағы жұмыстарды өзара түсіністік пен серіктестік негізінде бірлесіп атқарамыз деп сенемін, – деді Берік Уәли.

Кездесуде партия филиалдарының төрағалары мен өкілдері өңірдің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экология, білім, мәдениет салаларына қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімі кездесудегі ұсыныс-пікірлер назарға алынып, жұмыс барысында ескерілетінін айтып, аймақты өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button