Абай облысыСемейТОП

Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

Семей қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция: құқық, тарих және қоғамдық сана» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – Ата Заңды тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, ел тарихымен, қоғамдық санамен және азаматтық жауапкершілікпен сабақтас маңызды құндылық ретінде кеңінен насихаттау.

Modern Talk форматында ұйымдастырылған эксперттік сессия барысында қатысушылар Конституцияның тарихи негіздері, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы, сондай-ақ оның қоғамдық сана мен азаматтық мәдениетке ықпалы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар шара аясында ашық сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, сараптамалық пікірлер айтылды.

Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, музей қызметкерлері, жастар мен қоғам белсенділері қатысты.

Осы айдарда

Back to top button