Семей

Қала әкімі тыл еңбеккері Жұмабай Аянбаевты Жеңіс күнімен құттықтады

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тыл еңбеккері Жұмабай Аянбаевтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында шаһар басшысы ардагерге ізгі тілегін білдіріп, ел үшін атқарған қажырлы еңбегі мен өнегелі өмір жолына алғысын жеткізді.

Жұмабай Аянбаев 1929 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде небәрі 12 жаста болған ол жастайынан тылда еңбек етіп, майданға қажетті жұмыстарға белсене араласқан.

Ерен еңбегі үшін бұрынғы КСРО-ның бірқатар медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі арнайы наградаларға ие болған.

Бүгінде ардагердің өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі, елге қызмет етудің жарқын көрінісі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button