Семей
Семейде туристік бағыттағы жол көрсеткіштері орнатылуда

Семей қаласында тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында туристік бағыттағы арнайы жол көрсеткіштері орнатылуда.
Аталған көрсеткіштер арқылы қаладағы маңызды орындардың, демалыс аймақтарының және көрікті нысандардың бағыттары көрсетіледі. Бұл жоба туристердің қала ішінде еркін бағдарлауына мүмкіндік беріп, шаһардың туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Алдағы уақытта мұндай жол көрсеткіштері қала аумағында кезең-кезеңімен қосымша орнатылатын болады.



