Абай облысыСемейТОП

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Облыс орталығындағы Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли, тыл және еңбек ардагерлері, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен әскери бөлімдердің өкілдері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты.

Шара барысында Даңқ гирляндасы мен гүл себеттері қойылып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аймақ басшысы Жеңіс саябағында мерекеге орай дайындалған майдан ботқасынан дәм татты.

Мерекелік шара аясында жұртшылық назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, Қадылбек пен Маржан Омаровтар, Гүлдана Ноғайбаева, Мұңлық Сарбасова, халықтық «Ахау Семей» ансамблі және өзге де шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, патриоттық композициялар мен хореографиялық қойылымдар қойды.

Біздің өңірден 100 мыңға жуық азамат майданға аттанып, олардың 44 мыңнан астамы туған жерге оралмады. 56 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Айта кетейік, Жеңіс мерекесіне орай облыста 100-ден астам іс-шара өтеді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button