Абай облысыСемейТОП

Облыс әкімі Семейдегі әлеуметтік орталықта болды

Аймақ басшысы Берік Уәли қаланы аралау барысында №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы филиалының қызметімен танысты.

Аталған орталықта қазіргі таңда 556 қызмет алушы тіркелген. Күн сайын шамамен 100 адам қабылданады. Мекемеде 12 қызметкер еңбек етеді. Орталықта әлеуметтік қызметтердің 7 түрі көрсетіледі. Атап айтқанда, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық және сауықтыру қызметтері ұсынылады.

Орталық мамандары әрбір қызмет алушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың даму деңгейін көтеруге, қоғамға бейімделуіне және толық интеграциялануына жағдай жасайды.

Облыс әкімі ғимаратты аралап көріп, мұндағы ардагерлермен және қызметкерлермен пікір алмасты. Орталықтың материалдық-техникалық базасы мен көрсетілетін қызметтердің сапасына назар аударды.

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында азаматтарға жақсы жағдай жасалып, жайлы орта қалыптасқан екен. Қызмет түрлері де жеткілікті. Ең бастысы – әр адамның жағдайына қарай көмек көрсетіледі. Мұндай мекемелердің жұмысы өте маңызды. Сіздердің осылай көңілді, алаңсыз жүргендеріңіз бізді де қуантады. Орталыққа әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болады, – деді Берік Уәли.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button