Семей
Қала әкімі Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, жол белгілерін ретке келтіру, қоқыс, денсаулық сақтау саласы мен қоғамдық көлік қатынасының қолжетімділігі жөнінде ой-пікірлерін білдірді. Әкім тұрғындардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, әрбір мәселе тиісті бағыттар бойынша қарастырылып, жалғасын табатыны атап өтілді.



