ҚазақстанҚазақстанСпортТОП

СҚО-да велоспорттан ел біріншілігі басталды

Солтүстік Қазақстан облысында велоспорттан ел біріншілігі өз жалауын көтерді, деп хабарлайды 24.kz.

Бір аптаға созылатын додаға сайдың тасындай іріктелген 150 спортшы қатысып жатыр. Олар 4 турнир бойынша бақ сынасады: ерлер, әйелдер, жасөсіпірімдер арасында және соңғысы командалық сайыс. Байрақты бәсекеден параолимпиада ойындарының мүшелері де шет қалған жоқ.

Арман Қамышев, веложарыс директоры:

– Жарысқа жасөспірімдермен қатар кәсіби спортшылар да қатысып жатыр. Былайша айтқанда, еліміздің үздік деген велошабандоздары жиналған. Олар Қазақстанның чемпионы атағына таласады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button