Абай облысыТОП

Ұлттық құрылтай: Конституциялық реформаларға қатысты ауқымды өзгерістер ұсынылды

Ұлттық құрылтай отырысында Конституциялық реформаларға қатысты маңызды бастамалар көтерілді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу жоспарланған. Алайда жүргізілген талдау мен талқылаулар барысында түзетулер ауқымының әлдеқайда кең екені анықталған.

Осы мәселеге қатысты Alikhan Bokeikhan University тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие.

– Конституциялық реформалар – еліміздің саяси және әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды қадам. Қоғам өмірінің барлық саласы заман талабына сай жаңарып отыруы қажет. Бұл өзгерістер болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады, – деді ол.

Сонымен қатар спикер білім беру жүйесін жаңғырту мәселесіне де тоқталып, бұл бағыттағы өзгерістердің маңызын атап өтті.

– Білім беру саласында ескі тәсілдермен шектелмей, заманауи талаптарға сай жаңа мазмұн мен әдістерді енгізу қажет. Бұл – бәсекеге қабілетті, ойы ашық әрі жауапкершілігі жоғары жастарды тәрбиелеудің маңызды алғышарты, – деп түйіндеді Айрат Базенов.

Осы айдарда

Back to top button