ҚазақстанТОП

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан арылуымыз керек

«Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан арылуымыз керек. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Басқа түскен қайғы-қасіреттің бәрін басқа халықтардан көру, ұлтымыздың маңдайына жазылған ащы тағдыр туралы бітпейтін пікірталастар жүргізу — кешегі күнмен өмір сүру деген сөз. Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді. Біз — болашағы жарқын, жолы ашық жас мемлекетпіз, сондықтан уақыт көшінен қалмай, тек алға қарай жүруіміз керек, — деді Президент.

https://kaz.inform.kz/news/kasim-zhomart-tokaev-tarihi-zharakat-algan-ult-psihologiyasinan-ariluimiz-kerek-356347/

Осы айдарда

Back to top button