
– Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, – деді ол.
Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтығанын еске салды.
– Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды, – деді Ерлан Қарин.



