ӘлемСпортТОП

Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан командасы 3 медаль жеңіп алды

Ливанның Бейрут қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер анықталып, Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жансель Дениз (73 келі) мен Смайыл Дүйсебай (87 келі) Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Екі спортшы да Оңтүстік Корея өкілдеріне есе жіберген.

Сонымен қатар Самат Темірхан (54 келі) құрлық додасының қоласына қол жеткізді.

 

Ал Диас Құрманғазы, Зиода Ирисматова және Камила Аймұқашевалар жүлделі орынға іліккен жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button