Өндіріс әлеміне қадам: Абай облысының жастарына кәсіптік бағыт берілді

«Семей құрылыс материалдары» ЖШС кәсіпорнында Абай облысының колледж студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті.
Экскурсия барысында студенттерге өндірістің жұмыс барысы, құрылыс материалдарының дайындалу кезеңдері мен заманауи техникалардың қолданылуы таныстырылды. Жастар шифр мен басқа да материалдарды тиеу процесін, кран-балка және жүк тиегіштердің жұмысын көріп, өндіріс орнымен жақын танысты.
-Бұл жастарға нақты өндіріс процесін көруге, құрылыс саласының маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Біз кадрлық әлеуетті дамыту мен жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз», – деді «Семей құрылыс материалдары» ЖШС-нің коммерциялық директоры Юрий Давыдов.
Жастардың өндірістік кәсіптерге деген қызығушылығы артып, олар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың ерекшеліктерін тереңірек түсінді. Бұл бастама өңір жастарының кәсіби өсуіне және өндіріс саласына тартылуына жол ашады.
-Бүгін бізге шифер тиеу процесін және түрлі станоктар мен жүк тиегіштердің жұмысы таныстырылды. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді. Кәсіби бағдар беру аясында бірнеше кәсіпорында болдым, өндірістік тәжірибеден өттім. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деймін, өйткені бұл бізге болашақ мамандығымызды жақсырақ түсінуге көмектеседі,- дейді Политехникалық колледждің студенті Илья Волков.


