СемейТОП

Қала әкімі Юность ауданында тұрғындармен кезекті рет кездесті

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев алғашқы кездесуін Юность ауданынан бастады. Аудандағы тұрғындар үгіт-насихат науқаны кезінде апатты жағдайдағы ағаштардың қауіп төндіріп тұрғанын көтерген болатын.

Сайлау кезінде берілген уәделер кезең-кезеңімен орындалып келеді. Сол мәселелердің алғашқысы бойынша нақты шаралар қолға алынды, – деді қала әкімі.

Кездесу барысында шаһар басшысы жауапты бөлім басшыларына қауіпті ағаштарды кесу жұмыстарын жедел ұйымдастыруды тапсырды. Қазір аудан аумағында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алдағы уақытта әр аудандағы өзекті мәселелерді тұрғындармен бірлесе отырып шешу көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button