
Арбат алаңында «Баршаға арналған спорт» және «Чемпиондық Рух» жобалары аясында қала тұрғындары үшін таңғы жаттығу өтті
Шараға «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садырбаев, Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажанов, қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев қатысты.
Жаттығуға 150-ге жуық қала тұрғыны қатысып, денсаулықты нығайтуға, сергектік пен жақсы көңіл күй сыйлауға бағытталған қарапайым әрі тиімді жаттығуларды орындады.
Айта кетейік, «Баршаға арналған спорт» жобасы қыркүйек айының 1-інен бастап қаладағы әртүрлі ашық алаңдарда спорттың 10 түрінен тұрақты түрде өткізіліп келеді.