
Семей қаласы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және анықтау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.
Комиссия мүшелері жүргізілген талдау нәтижелерін қарап, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, жауапты мекемелерге тиісті ұсынымдар жолданды.